
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері Медеу ауданының комьюнити-орталығымен бірлесіп «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында 50-ден астам ағаш отырғызылып, қаланы көгалдандыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға елеулі үлес қосылды. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыруға және болашақ ұрпақ үшін жайлы қалалық орта құруға маңызды рөл атқарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-almaty/press/news/details/1189579?lang=kk

Жауап қалдыру