Амал мерекесі – Көрісу күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Амал мерекесі – Көрісу күніне орай Атырау облысы Әділет департаментінде ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара өтті.
Мереке аясында департамент басшылығы және қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне қарасты құрылымдық бөлімшелер Атырау облыстық сот сараптамалар институты, Атырау облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Атырау облыстық адвокаттар алқасы және нотариаттық палата өкілдері көрісіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Бұл игі бастама әріптестер арасында ауызбіршілік пен өзара сыйластықты нығайтуға, ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттауға бағытталды.
Сонымен қатар департамент өкілдері сала ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, Көрісу күнімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1189772?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді