
Қостанай қаласында 2026 жылғы 19-24 наурыз аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика және математика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қостанай облысының білім басқармасы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай дарыны” өңірлік оқу-әдістемелік орталығы.
Ақмола облысынан 13 оқушы қатысты, информатика пәні бойынша – 7 оқушы, математика пәні бойынша – 6 оқушы. Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша ақмолалық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетті.
II-дәрежелі дипломмен:
1.Шаймерден Нұрәлі — “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша;
2.Абенов Чингиз — “Білім-инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша марапатталды.
IІI-дәрежелі дипломдармен:
1.Даминов Дильдар — “Білім-инновация” лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша;
2.Мұғжан Дінмұхаммед — “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша;
3.Қуанышбек Нұрислам — “Білім-инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, “Информатика” пәні бойынша;
4.Есиркесинов Фараби — “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, “Математика” пәні бойынша марапатталды.
Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1189980?lang=kk

Жауап қалдыру