
«Балбұлақ» бөбекжай-бақшасы – 150 орындық. Нысан Президенттің су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру туралы тапсырмасы аясында, Үкімет резерві есебінен бөлінген қаржыға бой көтерді.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, аудан әкімі, облыстық
басқарма басшылары, еңбек ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мектепке дейінгі тәрбиенің маңызын, жаңа балабақша өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосатынын айтты. Ал білім саласының ардагері Марал Еркінова нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.
Балабақша құрылысы «BF Элит құрылыс» компаниясы тарапынан жүргізілген. Жоба 2024 жылы басталып, нәтижесінде заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимарат салынды.
Іс-шара барысында құрылыс компаниясының жетекшісі Радж Айтымбетов балабақша меңгерушісі Айсәуле Қалиеваға нысанның символикалық кілтін табыстады. Ауыл ақсақалы Өтеген Сағатов батасын берді.
Мерекелік бағдарламада тәрбиеленушілер өнер көрсетіп, ресми бөлімнен кейін қонақтар жаңа ғимаратты аралап көрді.
Жаңа балабақша ауыл балаларына сапалы білім мен тәрбие алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1189662?lang=kk

Жауап қалдыру