АШЫҚ АЛАҢ 2026: TAZA QADAM

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 наурыз күні Жезқазған қаласындағы «Samadi Mart» гипермаркетінде Ұлытау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық алаң 2026: Taza Qadam» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.

 Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында ұлттық құндылықтарды, мақал-мәтелдерді насихаттау арқылы деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің зияны туралы ақпарат беру.

Шара аясында:
Қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік заңнама, зайырлылық қағидаттары және экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі туралы 200-ден астам ақпараттық материал таратылды.
Викториналық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақ зиялыларының өмірі және зайырлылық қағидаттары қамтылды. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер бойынша «Жалғасын тап» ойыны өткізілді.
 Дәстүрлі әншілер ән шырқап, күйшілер күй орындады.
 Белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1190100?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді