
Атырау облысында наурыз айында мансап орталықтарына жұмыспен қамту мәселелері бойынша 6 997 әйел жүгінді. Олардың 2 860-ы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Сондай-ақ «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 151 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Кәсіптік бағдарлау шараларымен 1 768 адам қамтылды.
– Наурыз айында 941 әйел жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 22 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 440 адам қоғамдық жұмыстарға, 21 жас маман жастар практикасына жолданды. Сондай-ақ, 40 адам «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналастырылып, 418 әйел тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева
Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына 523 әйелдер орналастырылды.
Мамандардың айтуынша, субсидияланатын жұмыс орындары жөнінде қала, аудандарда құрылған мобильдік топтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түсініктер берілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1189829?lang=kk

Жауап қалдыру