АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда: «Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы» (баяндамашы Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Ж. Жұмабаева), «Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы» (баяндамашы Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Е.Булебаев), «Ауылдық округ әкімдіктерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы» (баяндамашылар Сырдария ауданы Шаған және Ақжарма ауылдық округ әкімдері).
– Өздеріңізге белгілі, қазіргі қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өте маңызды мәселе болып табылады. Соның бірі денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін аса қауіпті құбылыс, себебі ол халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Ал, әлеуметтік қамсыздандыру саласында – халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын жүйе. Демек, сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттің міндеті емес, әрбір азаматтың, елді мекен тұрғындарының міндеті. Халық белсенділігі, құқықтық мәдениеттің артуы және ашықтыққа негізделген басқару жүйесі арқылы қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруға болады. Тек сол кезде елді мекендерде әділдік пен сенім орнайды, ал қоғамның дамуы тұрақты болады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімі комиссия мүшелеріне тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-aqzharma/press/news/details/1189930?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді