АУДАН ӘКІМІ Қ.ТҰРЫСБЕКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ АҒЫН СУ ЖҮЙЕЛЕРІН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне барып, ағын су каналдарын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған округте халықаралық қаржы ұйымының қолдауымен РШ-2, РШ-2-1 және РШ-3 каналдарын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның бас мердігері – «Көкшетаугидрогеология» акционерлік қоғамы.
Нысан басында мердігер мекеме өкілі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, канал арналарын механикалық тазалау, топырақпен бекіту, трапеция үлгісіндегі жаңа арналарды қалыптастыру, сондай-ақ ескі арналарды қалпына келтіру, жаңа учаскелерді қазу, құрылыс материалдарын жеткізу және жұмыс алаңдарын әзірлеу жұмыстарының жоспарға сай атқарылып жатқанын жеткізді.
Аудан әкімі аталған жобаның маңыздылығына тоқталып, құрылыс толық аяқталғаннан кейін суармалы жер көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң серпін беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, жоба аясында мердігер мекеме Ақшеңгелді ауылдық округіндегі 4-К-1-1, 4-К-1-2, 4-К-1-3, 4-К-1-4 және 2-Х-1А каналдарына да күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сапар қорытындысында аудан әкімі Арман Романұлы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі А.Алтынбековке жауапты сала мамандарымен бірлесе отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстауды, белгіленген мерзімдердің сақталуын және жұмыстардың талапқа сай орындалуын қадағалауды тапсырды.
Сондай-ақ, диқандар мен шаруалар арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарап, туындаған мәселелерді заң аясында уақтылы шешу қажеттігін нақты атап өтті.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1190134?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді