АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20.03.2026 ж. аудандық мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті елу бірінші  сессиясының отырысы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі М.Ысқақов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары және аумақтық бөлімдердің басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, аудандық мәслихат төрағасының атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, «Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі №108 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қамқор» отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы мәселе талқыланды. Аталған мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ж.Кауменова баяндама жасады.

Сессия барысында қаралған барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1189444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді