
Жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге ауыл тұрғындарын тарту, сондай-ақ түрлі әлеуметтік жобаларды әзірлеу мен іске асыру мақсатында Жданов ауылдық округінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Аталған жұмыстар аясында келесі бағыттарға ерекше көңіл бөлінді:
- жастар мен халықтың осал топтарын құқықтық ақпараттандыру;
- қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарды сүйемелдеу;
- әртүрлі әлеуметтік көмек түрлерін алуға және азаматтардың заңды құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу.
Өткізілген іс-шаралар ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, азаматтық белсенділігін қалыптастыруға және халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етті.
Халықты осындай іс-шараларға тарту мен ынталандырудың маңызы зор. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, жеке консультациялар және азаматтарды әлеуметтік жобаларға қатыстыру арқылы әрбір тұрғынның өз елді мекенін дамытуға қосатын үлесінің маңыздылығы түсіндіріледі.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мақсатында жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1189611?lang=kk

Жауап қалдыру