
Бүгін аудандық мәслихаттың жоспарлы бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Санитарлық эпидемиологиялық бақылау бөлімінің (СЭС) атқарылып жатқан қызметі туралы» және «Қордай ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы» мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы есеп берді. Отырыс барысында қаралған барлық мәселелер бойынша М.Асаровқа бірқатар ұсыныстар жасалды: жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын (дәрістер, семинарлар, әлеуметтік желілер) тұрақты жүргізу, вакцинацияның маңыздылығын кеңінен насихаттау, ауыз су сапасын, тазалығын бақылауда ұстау және т.б.
Екінші мәселе бойынша «Қордай» ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Данияр Айбасовтың баяндамасы тыңдалды. Депутаттар жүргізіліп жатқан жұмысты әрі қарай жандандыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Барлық мәселер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/1190064?lang=kk

Жауап қалдыру