
Көктем – жаз мезгілінде табиғатта кенелердің белсенділігі артады. Соған байланысты Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) таралу қауіпі де жоғарлайды. Бұл -кене арқылы жұғатын қауіпті жұқпалы ауру.
Ауру негізінен кене шаққанда, сондай-ақ ауру жануардың қаны немесе кене бөлінділерімен жанасқанда жұғуы мүмкін.
КҚГҚ ауруының негізгі белгілері:
- -дене қызуының кенеттен көтерілуі
- -қатты бас ауруы
- -бұлшық еттердің ауруы
- -әлсіздік
- -жүрек айну, құсу
- -кей жағдайда қан кету белгілері.
Осындай белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Сақтық шаралары:
- табиғатқа шыққанда жабық, ашық түсті киім кию;
- шалбар балағын шұлықтың ішіне салу;
- денені және киімді кенеден қорғайтын спрей немесе маймен өңдеңіз;
- табиғаттан келген соң денеңізді мұқият тексеріңіз;
- малға күтім жасағанда қолғап және арнайы киім киіңіз.
Егер кене шағып алса, қысқышпен абайлап ұстап, ырғап шығарып, ыдысқа салып, үстіне ыстық су құйып, содан кейін жерге көмген дұрыс. Одан кейін міндетті түрде медициналық мекемеге қаралу қажет.
Денсаулығыңызды қорғаңыз-сақтық шараларын ұмытпаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1190050?lang=kk

Жауап қалдыру