
2026 жылғы 19 наурызда Мақат ауданы әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы С.Убигалиева қатысты.
Отырыс аудан әкімі Азамат Мәмбетовтің төрағалығымен өтті. Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Kazakh Construction Group» ЖШС мекемелерінде Мақат ауданының жұмыссыз азаматтарын жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек дауларының алдын алу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, аудандық білім беру ұйымдарында әлеуметтік шиеленіс туындауының алдын алу және еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу мәселесі көтерілді.
Жиын барысында аудан әкімі Азамат Саматұлы өндірістік мекемелерде жергілікті тұрғындарды қажетті мамандықтар бойынша жұмыспен қамтуға баса назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар, ұжымдық шарттар жасасу, еңбек дауларының алдын алу және жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бағытында нақты міндеттер жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1189888?lang=kk

Жауап қалдыру