Мемлекеттік қазынашылық органдары мемлекеттік бюджетті орындаудың сервистік моделінің элементтерін қолданып, жетілдіреді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қазынашылық органдарының қызметі республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытылы, толық және ашық атқарылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару тиімділігін арттыруға бағытталған. ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мемлекеттік қазынашылық органдарының 2025 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейінің кассалық орындалуы жүзеге асырылды.

«Республикалық бюджет бойынша шығыс бөлігінің орындалуы 29,6 трлн теңгені құрады. Жергілікті бюджет үш деңгей бойынша 17,7 трлн тг. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік қазынашылық органдарында 15 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетіледі. 2025 жылы мемлекеттік қазынашылық органдары барлығы 49 млн астам қаржылық құжаттар өңдеген және өзінің ақпараттық жүйесінде 32 млн-нан астам түрлі есеп беру нысанын қалыптастырған. 2025 жылы қазынашылық органдары арқылы өткен төлем шоттары мен төлем тапсырмаларының жалпы саны 12 млн-нан астам», – деді спикер.

Былтыр банк жүйесінен Қазынашылық жүйесіне 31 млн салықтық төлем түсті.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасы 2,8 трлн болатын 1 317 МЖӘ шарты мемлекеттік Қазынашылықпен тіркелді, орындалды немесе орындалуда.

Қазақстан қазынашылығы алғашқылардың бірі болып ақпараттық технологияларды қолдана бастап, 2003 жылы бірыңғай ақпараттық жүйеге көшкен. Ал 2012 жылы мемлекеттік қазынашылық органдары «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін енгізіп, толық автоматтандырылды және цифрландырылды.

Қазір мемлекеттік қазынашылық органдары мемлекеттік бюджетті орындаудың сервистік моделінің элементтерін қолданып, жетілдіреді:

– НҚА мен есептілік нысандарын жетілдіру;
– консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
– цифрландыру;
– құжаттарды алдын ала бақылауды жүзеге асыру;
– барлық қажетті есептілікті ұсыну;
– сондай-ақ ОМО бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды өткізу.

Мемлекеттік бюджетті қазынашылық орындаудың сервистік моделі денеіміз – бұл мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік секторға мемлекеттік қазынашылық тарапынан көрсетілетін бірқатар қызметтер және мемлекеттік бюджетті тиімді басқаруға қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған тәсіл.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-bolshevik/press/news/details/1189905?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді