
Облыстық білім басқармасы тіккен он алты қанат киіз үй де мерекенің көркін қыздырып, көпшілік жиналған негізгі орындардың біріне айналды. Бұл киіз үйге келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен салт-дәстүрін тереңірек сезіне алды. Ішінде еркін әңгіме өрбіп, жылы шырайлы қабылдау мен ұлттық нақыштағы көріністер мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл мереке – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсеткен тағылымды әрі мазмұнды шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1189264?lang=kk

Жауап қалдыру