
Құрметті Мақтаарал ауданы тұрғындары!
2026 жылдың 1 сәуірі мен 15 мамыр аралығында Мақтаарал ауданының барлық елді-мекенінде энзоотиялық яғни кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты әрбір мал иесі өз қора-жайларын алдын ала дайындауы қажет екенін ескертеміз.
Механикалық тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана қора-жайларда арнайы мамандар тарапынан дезинфекция (залалсыздандыру) жұмыстары ТЕГІН жүргізіледі.
Тазаланбаған, дайындалмаған қора-жайларда жүргізілген дезинфекция жұмыстары тиімді нәтиже бермейді. Сондықтан әрбір тұрғынның жауапкершілігі аса маңызды.
Барша тұрғындарды аталған жұмыстарға түсіністікпен қарап, белсенді қатысуға шақырамыз!
Энзоотиялық аурулардың алдын алу – баршамызға ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1189393?lang=kk

Жауап қалдыру