Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихат депутаттарының,

барлық мүдделі тұлғалардың назарына 

 

Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы 2026 жылғы 31 наурызда сағат 11.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

 

К ү н   т ә р т і б і:

 

  1. Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының есебі туралы.

 

Баяндамашы: Г.Р.Сүйінтаева – облыстық

мәслихаттың төрағасы

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №298 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

          Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

Хабарламашы: А.Н.Айтбаев – энергетика және тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы

  1. Өзге сұрақтар.

 

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2026 жылғы 31 наурызда сағат 11.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

 

 

Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                                   Г.Сүйінтаева

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1189981?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді