Омбудсмен өкілі әлеуметтік қорғау және адам құқықтары мәселелерін талқылауға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында «Аманат» партиясының облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнара Жанбекова қатысты.
Отырыс барысында өңірдің әлеуметтік саясатының өзекті мәселелері қаралды. 2026 жылға арналған мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы санаттағы азаматтарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне толыққанды кіріктіру үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, жұмыспен қамту бағдарламаларын кеңейту және қолжетімді орта қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ қатысушылар отбасылық жанжалдарды шешу орталықтарының қызметін, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға уақытша баспана ұсыну мәселелерін талқылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, дағдарыс орталықтарының желісін дамыту маңыздылығы атап өтілді.
Талқылаудың жеке бөлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шараларға арналды. Алдын алу тетіктері, ведомствоаралық әрекет ету және жәбірленушілердің құқықтарын қорғауда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі қарастырылды.
Отырыс шеңберінде Гүлнара Жанбекова 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бойынша, оның ішінде азаматтық және саяси құқықтарды қамтамасыз ету және қорғау бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін қалыптастыруға, заңға бағынушылық, адалдық және адам құқықтарына құрмет қағидаттарын нығайтуға, «Адал азамат» идеалдары аясында ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға әртүрлі өмірлік жағдайларда азаматтардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелерін қамтитын құқықтық ағарту бағытында түсіндірме берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіруге, халықтың осал топтарының құқықтарын қорғауға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1190048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді