Қарағандыда «Мұрагер» мектебінің оқушыларына арналған жаңа жатақхана салу жоспарлануда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қаласында мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-лицей-интернаты жанынан заманауи жатақхана салу жоспарланып отыр. Әлеуметтік маңызы зор бұл бастама мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуы мүмкін. Жобаны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа таныстырды.

«Мұрагер» — дарынды балаларға арналған үздік білім беру мекемелерінің бірі. Оқушылар тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді. Лицей шәкірттері робототехника және STEAM-технологиялар бойынша әлемдегі үздіктердің қатарында.

Қазіргі таңда «Мұрагерде» шамамен 450 оқушы білім алуда, олардың ішінде ауылдық аймақтардан келген балалар да бар. Сондықтан тұру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

Жобаға сәйкес, жатақхана 210 орынға есептелген. Сонымен қатар жаңа спорт залының құрылысы да қарастырылған.

Құрылыс компаниясының өкілі Данияр Қалкеновтың айтуынша, бастапқыда мектеп маңындағы жер телімінде тұрғын үй салу жоспарланған, алайда кейін әлеуметтік жобаға басымдық берілген.

— Ғимарат төрт қабатты, кірпіштен салынатын болады, ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар қарастырылған. Біз барлық заманауи стандарттар мен талаптарды ескереміз, — деді ол.

Облыс әкімі жобаны қолдады. Барлық қажетті келісімдерден кейін оны жүзеге асыру жұмыстары биылдың өзінде басталуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1189211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді