Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы (2026 жылғы I тоқсан)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2026 жылдың 26 наурыз күні сағат 10-00-де Қаратал ауданы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының 2026 жылғы                                                         І тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өткізілді.

 

Қаралған мәселелер:

Алаяқтықтың алдын алу, оның ішінде цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы жасалатын алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы.

 /Аудандық полииция бөлімі/

/Аудандық білім бөлімі/

 

Кісі өлтірудің алдын алу және алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу туралы.

/Аудандық полиция бөлімі/

 /Аудандық орталық аурухана/

 

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы.

/Аудандық полиция бөлімі/

/Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі/

 

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Үштөбе қаласы және  ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдерді орындау тапсырылды, онда тиісті мемлекеттік мекемелерге нақты міндеттер белгіленді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1189777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді