«Сатканбаев Жолдаскали Қаулабайұлы құрметіне «Жас сақшы» сыныбы ашылды»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері, полиция подполковнигі Сатканбаев Жолдаскали Қаулабайұлының құрметіне арналған «Жас сақшы» сыныбы салтанатты түрде ашылды.

Автобиография

Сатканбаев Жолдаскали Қаулабайұлы 1950 жылы 26 ақпанда Гурьев облысы, Эмба ауданы, Тақыр Бұлақ ауылында дүниеге келген.
Оның еңбек жолы 1974 жылы Бейнеу аудандық ІІБ арнайы комендатурасының милиционері болып басталды. Кейіннен ол түрлі лауазымдарды атқарып, 2002 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Бейнеу аудандық ІІБ-нің маңызды бөлімшелерін басқарды.

Негізгі қызметтері:

  • 1974–1976 – Бейнеу аудандық ІІБ арнайы комендатурасының милиционері
  • 1976–1977 – Қылмысты іздестіру инспекторы
  • 1977–1986 – Учаскелік полиция инспекторы
  • 1986–1987 – Қылмысты іздестіру тобының аға жедел уәкілі
  • 1987–1991 – Опорный поселкелік милиция бөлімшесінің бастығы
  • 1991–1992 – Экономикалық тобының аға жедел уәкілі
  • 1992 – Криминалдық милиция бөлімшесінің бастығы
  • 1992–1994 – Жедел іздестіру тобының аға жедел уәкілі
  • 1994–1996 – ІІБ бастығының орынбасары
  • 1996–1997 – Мемлекеттік тергеу комитетінің орынбасары
  • 1997–1999 – ІІБ бастығының орынбасары
  • 1999–2002 – Опорный поселкелік полиция бөлімшесінің бастығы

27.06.2002 жылы шекті жасқа толуына байланысты зейнеткерлікке шықты. 26.07.2021 жылы дүниеден өтті.

Салтанатты шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар және аудандық ІІБ ардагерлері қатысты. Жиналғандар ардагердің еңбегін еске алып, жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. «Жас сақшы» сыныбының ашылуы жергілікті қоғамдастық үшін ерекше мәнге ие болып, құқық қорғау саласында қызмет атқаруды армандайтын жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1190105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді