SCAT әуе компаниясы Қарағанды мен Шымкент арасында тікелей рейстерді іске қосады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

SCAT әуе компаниясы Қарағанды мен Шымкент қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашады. 26 мамырдан бастап жолаушылар жаңа бағытты пайдалана алады — билеттер сатылымға шығарылды.

Рейстер тұрақты түрде аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Сейсенбі күндері Қарағандыдан ұшу уақыты 09:00-ге жоспарланған, ал бейсенбіде — 23:00-де. Ұшу ұзақтығы 2 сағат 15 минутты құрайды. Жолаушыларды Boeing 737 әуе кемесі тасымалдайды.

Билеттердің бағасы 27 463 теңгеден басталады.

@scat.airlines

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1189365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді