
Мерекелік шара барысында ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Алаңда түрлі ұлттық спорт жарыстары ұйымдастырылып, қатысушылар өз бақтарын сынады. Сонымен қатар, Қыдыр ата келіп, жұртшылыққа ақ батасын берді.
Аудан әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы марапаттарға ие болды.
Мереке аясында тігілген киіз үйлерде ұлттық тағамдар ұсынылып, салт-дәстүрлер көрсетілді. Қонақтар киіз үйлерді аралап, қазақ халқының бай мұрасымен танысты.
Наурыз мерекесі аудан тұрғындары үшін бірлік пен берекенің жарқын көрінісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1189358?lang=kk

Жауап қалдыру