
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де
2026 жылдың 26 наурыз күні тарих және география пәні педагогтеріне арналған
«Педагогтердің білімін бағалауға тиімді дайындалу жолдары» атты семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білімді бағалау үдерісіне сапалы дайындалудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, тестілеу барысында жоғары нәтижеге жетудің жолдарын тәжірибе алмасу арқылы жетілдіру.
Аталған іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев пен әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы.Маликова қатысып, педагогтердің кәсіби дамуы мен сапалы білім берудегі дайындықтың маңыздылығына тоқталды.
Күн тәртібіндегі:
*Жаңа уақыттың басталуы.Француз революциясының суреті.ХІХ ғасырдағы империялар мен олардың бәсекелестігі.
“С. Нұғыманов атындағы ЖОББМ КММ”-нің тарих пәні мұғалімі Оспанова Бибигуль Рымтайовна.
*”Хрущев жылымығы” (1954-1964 жылдар). Қазақстан “тоқырау” жылдарында (1965-1985 жылдар).
“С. Нұғыманов атындағы ЖОББМ КММ”-нің тарих пәні мұғалімі Ихсанова Айгуль Муратовна
*XIV ғасырдағы ортағасырлық еуропалық қоғам XVI ғасырдың бірінші жартысында. Батыс пен Шығыстағы Абсолютизм.
“№1 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ-нің тарих пәні мұғалімі Абдыкадырова Жаныл Ерланқызы
*ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Батыс елдерінің даму ерекшеліктері”
Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі”КММ-нің тарих пәні мұғалімі Тәжіков Дәулет Қайратұлы.
*Адамзаттың жаһандық мәселелері
“№ 10 қазақ мектеп гимназиясы””КММ-нің география пәні мұғалімі Қабыкен Мәншүк
*Елтану,Геосаясат Геоэкономика
“М.Әбеулов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі””КММ-нің география пәні мұғалімі Еркебекқызы Әсем.
Семинар барысында педагогтер білімді бағалау жүйесіне дайындалудың өзекті мәселелерін талқылап, тиімді әдістер мен нақты тәжірибелермен бөлісті. Қатысушылар тестілеу кезінде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу, уақытты тиімді пайдалану және жоғары нәтижеге жету стратегияларын меңгерді.
Осындай мазмұнды іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін әдіскер М.Т.Коккозова айтып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1189312?lang=kk

Жауап қалдыру