
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласында тұрғындарды арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі жәрмеңке “Отырар” секторында ұйымдастырылды. Онда “Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ тұрақтандыру қоры арқылы 12 тоннаға жуық азық-түлік сауда сөрелеріне қойылды.
Жәрмеңкеде сүт және шұжық өнімдері, жұмыртқа, көкөністер, жеміс-жидектер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары сатылымға шықты. Сауда сөрелеріне қойылған тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30-50 пайызға дейін төмен бағамен сатылды.
Аталған жәрмеңке тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Дәстүрге айналған әлеуметтік жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл шара жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ПРОДОВОЛЬСТВЕННАЯ ЯРМАРКА
В целях обеспечения населения удешевленными продуктами питания в городе Туркестан на постоянной основе проводятся ярмарки. Сегодняшняя ярмарка организована в секторе “Отырар”. Там через стабилизационный фонд АО “Социально-предпринимательская корпорация “Туркестан” было выставлено на прилавки около 12 тонн продуктов питания.
На ярмарке поступили в продажу молочные и колбасные изделия, яйца, овощи, фрукты и другие продовольственные товары, необходимые для ежедневного потребления. Товары, размещенные на торговых полках, поставлялись напрямую от производителей и продавались по ценам на 30-50% ниже рыночных.
Данная ярмарка позволила жителям приобрести социально значимые продукты питания по доступным ценам. Традиционные социальные ярмарки будут продолжены и в дальнейшем. Кроме того, эта мера позволила местным сельхозпроизводителям предлагать свою продукцию непосредственно потребителю.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1190008?lang=kk

Жауап қалдыру