ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаев, ауылдық округ пен қала тұрғындары, бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ аудан жастары мен еріктілер белсене қатысты.
Ауқымды тазалық шарасы барысында көшелер мен қоғамдық орындар бей-берекет тасталған қоқыстардан тазартылып, ағаш отырғызу, оларды суару, сондай-ақ арнайы техникалармен ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудан басшысы «AMANAT» партиясы аудандық филиалы ғимаратының алдында абаттандыру жұмыстарына қатысып, ағаш отырғызды. Ерікті жастар да гүлдер мен көшеттер отырғызуға белсенді түрде атсалысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1189466?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді