Түркістанда «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде конституциялық реформалардың маңызы талқыланған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым қатысты.

   Жиын барысында Түркістан облысы Әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Ербекешов конституциялық реформалардың құқықтық жүйені жетілдірудегі рөлі туралы баяндама жасады.

  Сондай-ақ, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, айтыскер-ақын Бекарыс Шойбеков және өзге де зиялы қауым өкілдері пікір білдірді.

  Қатысушылар конституциялық реформалардың қоғамды жаңғыртудағы маңызын атап өтіп, құқықтық мемлекет құру бастамасына қолдау білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1189155?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді