ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ IT БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ IT БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

🏆 Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «INFOMATRIX-ASIA» компьютерлік жобалар байқауы өз мәресіне жетті.

🔹 Беделді додаға 3000-нан астам оқушы өтінім білдіріп, іріктеу нәтижесінде 600 үздік финалист анықталды. Әлемнің 10 мемлекетінен 250-ден астам команда қатысқан байқауда жас ғалымдар IT саласындағы тың жобаларын ұсынды.

🤖 Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Сарыағаш ауданындағы №4 мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының “NOMAD ROBOTICS” командасы «Arduino Hackathon» санаты бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, 🥈 күміс медаль иеленді.

👨‍💻 Команда құрамында:
Қонысбек Абдулла, Қалдыбай Ерзат, Ахмедқожа Алхан.
Жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Жүзбаев Арман Қасымбекұлы.

🎓 Жеңімпаз оқушыларға Алматы энергетика және байланыс университетінің 4 жылдық білім гранты табысталды.

✨ Бұл жетістік – өңіріміздегі дарынды жастарды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жас өнертапқыштардың халықаралық деңгейде топ жарып, ел абыройын асқақтатуы – білім саласының сапалы дамуының айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1190003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді