
Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында VII халықаралық туристік көрме – Xinjiang Spring Tourism Expo 2026 өтті.
Ауқымды шараға «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдерден, сондай-ақ әлемнің өзге де аймақтарынан 600-ден астам туристік ұйым жиналды. Көрмеге «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы да қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Xinjiang Spring Tourism Expo 2026 туризм саласындағы халықаралық байланысты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Көрме туристік агенттіктерді, қонақ үйлерді және белсенді демалысқа арналған тауар өндірушілерді қоса алғанда, сала мамандарын жинап, қатысушыларға тиімді ұсыныстар мен жеңілдіктер ұсынды.
Көрме аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының туроператорлары және өңірлік туризм басқармасының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға туристік топтарды ұйымдастыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
Жалпы саны 40-тан астам іскерлік байланыс орнатылып, алдағы ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашылды.
«Astana Tourism» таныстырылымында оқиғалық туризмді дамыту мен Қазақстан астанасына бағытталған туристік маршруттарды ілгерілетуге ерекше назар аударылды. Көлік қолжетімділігі, атап айтқанда тікелей әуе рейстерінің болуы және қалалар арасындағы дамыған логистика қытайлық серіктестердің қызығушылығын тудырған негізгі факторлардың бірі болды.
Сонымен қатар, қолданыстағы 30 күндік визасыз режим мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасының табысты жүзеге асырылуы ҚХР азаматтарының Астана мен Қазақстанның туристік әлеуетіне деген қызығушылығын айтарлықтай арттырып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1189952?lang=kk

Жауап қалдыру