“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру мақсатында шалғай орналасқан елді-мекен тұрғындарына құқықтық қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда.
Осы бағытта Көкбұлақ тұрғын алабының тұрғындарына кешенді құқықтық көмек көрсетілді.

Аталған іс-шараға:
Абай аудандық прокуратурасы, Шымкент қаласының Әділет департаменті, Жеке сот орындаушылар, Әкімдікке қарасты басқармалардың қызметкерлері белсенді түрде қатысып, тұрғындардың құқықтық мәселелеріне жауап берді.

Тұрғындарға атқарушылық іс жүргізу, мүліктік құқықтар, әлеуметтік және тұрғын үй мәселелері, қарыз міндеттемелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыру — қоғамдағы заңдылық пен тәртіптің негізгі кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1190026?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді