Ағымдағы жылдың 26 наурызында Жангелдин аудандық мәслихатының көпшілік тыңдаулары өтті. Отырысты Жангелдин аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы Елеутов Талап Нағашыбайұлы жүргізді.
Көпшілік тыңдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, Жангелдин ауданы қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Торғай ауылының тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын бәсекелестік ортаға беру туралы» мәселе қаралды.
Осы мәселе бойынша «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Біржікен Ерлан Амандықұлы баяндама жасады;
«Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы – Тлеубаев Нұрбек Орынбекұлы ақпарат ұсынды.
Баяндамашылардың ақпаратын тыңдау және егжей-тегжейлі талқылау қорытындысы бойынша және көпшілік тыңдауға қатысушылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, келісілген шешім қабылданды: «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бәсекелес ортаға берілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhangeldin/press/news/details/1189298?lang=kk

Жауап қалдыру