
2026 жылғы 27 наурызда Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Танат Қарабалиннің қатысуымен Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста орнатылған бейнебақылау камераларының тиімділігі және бейнебақылау камераларының желісін кеңейту қажеттігі мәселелері талқыланды.
Қала және аудан полициясы бөлімінің бастығы Әлібек Шандалинов қазіргі уақытта қалада 312 бейнебақылау камерасы, 31 айналмалы камераның орнатылғанын, бұл әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуына, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге оң әсер ететінін атап өтті.
Бұл ретте қаланың кейбір аулаларында, сондай-ақ қаланың ескі бөлігінде бейнебақылау камераларын қосымша орнату қажеттігі бар.
Алкоголь қылмысының алдын алу мәселесі бойынша Полиция бөлімі бастығының орынбасары Б. Сәлімжанов алкогольдік қылмыс деңгейінің өскені байқалатынын атап өтті. Қылмыстың осы түрінің одан әрі өсуіне жол бермеу үшін барлық профилактикалық субъектілер тарапынан кешенді шаралар қажет.
Террористік тұрғыдан осал объектілердегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Т. Каерлапов баяндады.
Комиссия мүшелері сондай-ақ ұсталған автокөлік үшін мамандандырылған тұрақ ашу мүмкіндіктері, учаскелік полиция пункттерінің жай-күйі туралы мәселелерді талқылады.
Барлық қаралған мәселелер бойынша уәкілетті профилактикалық субъектілерге нақты тапсырмалар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1190138?lang=kk

Жауап қалдыру