- «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 30 сәуір сағат 11.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 105 кабинет мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды. - Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:
ЛОТ № 3
№ 838 «Сарқан қ. (Сарқан ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал – Сарқан қ. (Сарқан ауданы)»
ЛОТ № 4
№ 504 «Қабанбай а. (Алакөл ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал – Қабанбай а. (Алакөл ауданы)»
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады. - Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 109 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылғы 16 сәуір сағат 10.00.
- 2026 жылғы 2 сәуір сағат 11.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефон: 8/7282/32-90-08, электрондық пошта: razvitiedor2200@mail.ru
Басқарма басшысының
орынбасары А. Досжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-transport-way/press/news/details/1189996?lang=kk

Жауап қалдыру