026 жылғы 26 наурызда Департамент басшысы Ғалым Сұлтанович Тұрсынбаев медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне кадрларды тарту мәселелері тақырыбында Zoom платформасы арқылы жұмыс кеңесін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 наурызда Департамент басшысы Ғалым Сұлтанович Тұрсынбаев медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне кадрларды тарту мәселелері тақырыбында Zoom платформасы арқылы жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне білікті мамандарды тартудың өзекті мәселелері қарастырылып, қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік және ұйымдастырушылық тетіктер талқыланды.

Атап айтқанда:
• мемлекеттік қызметші мәртебесі;
• нормаланған жұмыс кестесі;
• тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды.

Кездесу қорытындысы бойынша кадрлық әлеуетті нығайту және медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің тиімділігін арттыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1189674?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді