- Білім беру қызметін лицензиялау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің басталғаны туралы хабарлама жасау тәртібі, лицензиясыз және ескертусіз қызмет;
* Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Департамент көрсеткен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 2026 жылдың 1 тоқсанында -33 көрсеткішті құрады.
“Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, рухани білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру” мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 2026 жылдың 1 тоқсанында 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді (3 – лицензияны және лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу).
Білім беру ұйымдарынан шығатын 30 ресми құжатқа апостиль қойылды.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен, жеке білім беру ұйымдарына рұқсат құжаттарын “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” ҚР Заңының 24-бабының талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігі туралы хаттар жолданды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 4 іс – шара өткізілді, 1322 адам қамтылды.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 465 ұйымы өз қызметін жүзеге асырады: 172 балабақша (113 мемлекеттік, 59 жеке), 293 шағын орталық (286 Мемлекеттік, 7 жеке), 310 мектепалды даярлық сыныптары. Барлық ұйымдар хабарлама тәртібін сақтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1190782?lang=kk

Жауап қалдыру