2026 жылғы 22 наурыз күні Жұмыскер ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 наурыз күні Жұмыскер ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті.

Мерекелік іс-шара аясында ауыл көшелері арасында түрлі сайыстар өткізіліп, қатысушылар өз өнерлері мен белсенділіктерін көрсетті. Атап айтқанда, би, пародия, қол күресі және арқан тартыс сынды ұлттық және мәдени ойындар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына наурыз көже ұсынылып, ақ дастархан жайылды.Ауыл шаруашылық құрылымдарының демеушілігімен жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен бағалы жүлделер табысталды.

Аталған мерекелік шара ауыл тұрғындары арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1190957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді