2026 жылғы 31 наурызда сегізінші шақырылымның Осакаров аудандық мәслихатының 47 кезекті сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 31 наурызда аудандық мәслихаттың Саккулаков К. К. төрағалығымен 47 кезекті сессиясы өтті, оған мәслихат депутаттары,  экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. А. Ахтаева, ТҮКШ бөлімінің басшысы С.С. Бекенбаев,  Тулеуова А.А., Дулатов Б.Т. және БАҚ өкілдері қатысты.

Кезекті 47 сессияның отырысында  Осакаров ауданы әкімінің 2025 жылға жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі,  «Есіл, Ертіс, Родниковский, Мирный, Николаевка, Қаратомар, Маржанкөл, Трудовой» ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің 2025 жылғы орындалуы туралы есептері, «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 17 мамырдағы № 19/188 шешімінің орындалу барысы туралы, аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 561 «Қылмыстық  жазаны  және  қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы орган жанындағы консультациялық- кеңесші орган құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Қарағанды облысы Осакаров ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 11 маусымдағы № 20/197 шешімінің орындалу барысы туралы, Осакаров ауданының тұрғындары арасында дене шынықтыруды және бұқаралық спортты дамыту туралы, Осакаров ауданы мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы № 131 «Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Осакаров ауданы Шідерты және Ертіс ауылдарының аумақтық құрылымы бойынша әкімшілік өзгерістер енгізу туралы ұсыныс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-osakarovka/press/news/details/1190697?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді