
Ауданымызда көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқын алып, елді мекендердің ажарын аша түсер ауқымды бастамалар жүзеге асуда. Биыл Темірлан абаттандыру мекемесіне арнайы 35 мың түп гүл көшеттері жеткізіліп, оларды отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Түрлі-түсті гүлдер аудан көшелері мен қоғамдық орындардың сәнін арттырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.
Егілетін гүлдердің қатарында көздің жауын алатын әсем петуньяның сан алуан түрлері, көктемнің көркін келтіретін шафран, жаз бойы құлпыратын тагетс, қызылды-жасылды сальвия, сондай-ақ бонанза және ерекше сұлу келбетімен ерекшеленетін күміс түсті цинерария (серебристый) бар. Бұл гүлдер тек сән үшін ғана емес, қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсартып, ауаның тазалығына да оң әсерін тигізеді.
Абаттандыру жұмыстары барысында көшелер, саябақтар, демалыс аймақтары мен әлеуметтік нысандар аумағы қамтылып, әрбір бұрышқа ерекше сән мен үйлесім берілуде.
Көрікті гүлдер көмкерген көшелер –тазалық пен талғамды арттырып, ауданның ажарын айшықтап, әрбір жанның жүрегіне жылулық ұялатары сөзсіз.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1190160?lang=kk

Жауап қалдыру