Абай облысында “Дін және дәстүр” атты рухани кеш өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 20 наурызында  Наурыз мейрамына орай , Абай облысының Дін істері басқармасы мен Абай облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» атты рухани кеш өтті. Шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді, мәдени құндылықтарды және ұлттық спорт ойындарын насихаттау, қоғамдағы рухани бірлікті нығайту. Кеш барысында өңірдің дәстүрлі әншілері ұлттық әндер орындап, көрермендерге ерекше рухани-мәдени атмосфера сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, гір көтеру, арқан тарту, қол күресі сияқты ұлттық ойындар өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынайды. Шара соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталады. Рухани кеш аясында діни бірлестіктер басшыларының кезекті клуб отырысы да өткізіліп, қоғамдағы рухани келісімді нығайту, дәстүр мен діннің сабақтастығын дамыту мәселелері талқыланады. Шараға ислам жамағатының және өзге де діни бірлестіктердің өкілдері қатысады.
Жарыс қорытындылары:
Гір көтеру (15 қатысушы):
1-орын – Жанабеков Тлеужан
2-орын – Аусадықов Аманжол
3-орын – Какенов Думан
Арқан тарту (8 команда):
1-орын – «Намыс» командасы
2-орын – «Дзюдо» командасы
3-орын – «Абай» командасы
Қол күресі (20 қатысушы):
1-орын – Қыздарбеков Ерсұлтан
2-орын – Аманбекұлы Бауыржан
3-орын – Дүйсембай Әсет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/1191060?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді