Абай облысында жастар саясатын іске асыру: негізгі бағыттар мен жоспарлар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 6 наурызда Өңірлік коммуникация қызметіндегі өткізілген брифингте Президенттік жастар кадрлық резерві, өңірлік кадрлық резерв, «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің республикалық акциялары туралы толық мәлімет берілді.

Абай облысында оқымайтын және жұмыс істемейтін жастардың үлесі азайды. NEET санатындағы жастардың үлесі төмендеп, «Отбасының цифрлық картасына» сәйкес жыл соңы 2 346 адамды (2,1%) құрады, қаңтарда тағы 199-ға төмендеп 2147 адам болды (1,9%).

Ағымдағы жылдың жоспары бойынша 1 230 жұмыссыз адам кәсіби оқытудан өтеді. Онлайн-оқыту enbek.kz платформасында 950 адамды қамтиды.

Биыл гранттар арқылы бизнес-идеяларды қолдауда 205 адамға 400 АЕК көмек қарастырылып, «Жастар практикасына» – 705 адам шақырылады. 

2025 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 103 кредит (886,8 млн тг) беріліп, 315 жасқа көтерме жәрдемақы төленсе, 2026 жылы 93 кредит, 936,3 млн қаражат бөліну жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1190263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді