AMANAT: ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«AМANAT» партиясының «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Бұл жолы қабылдау барысында тұрғындардың жер қатынастарына байланысты өзекті мәселелері қаралды. Ic-шара «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтті. Қабылдауды Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Исламов өз әріптестерімен бірге жүргізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жер телімдеріне қатысты түрлі сұрақтарын ортаға салды. Атап айтқанда, жер учаскелерін рәсімдеу барысында туындаған қиындықтар, құжаттарды заңдастыру мәселелері, сондай- ақ екі тарап арасындағы жер дауына байланысты түйткілдер көтерілді. Мамандар әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді. Кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапса, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жауапты мекемелердің қарауына жолданып, бақылауға алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай- ақ жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/jerqatynastary/press/news/details/1190440?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді