Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 20 ақпанында Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н.Әлмағамбетов ашып жүргізді.
Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына 9 депутат қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі қаралған мәселер:
1. Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №188 «Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Мұрат Сәлімжанұлы Сакетов – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2. Мәслихаттың 2019 жылғы 05 қыркүйектегі №322 «Амангелді ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Мәслихаттың 2019 жылғы 05 қыркүйектегі №321 «Амангелді ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 2, 3-мәселелер бойынша хабарламашы: Мейрамбек Ақылтайұлы Мұңдыбеков – аудан әкімі аппаратының құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
4. Кейбір округтік, учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңадан комиссия мүшелерін сайлау туралы. Хабарламашы: Еркебұлан Ахмедияұлы Молдахметов – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болған соң шешім қабылданып, сессия өз жұмысын аяқтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi/press/news/details/1190984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді