
⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы аппарат мәжілісінің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және жауапты сала мамандары қатысты.
🔸 Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе:
1-мәселе. Ойыл ауданы аумағында екі айлық сенбілікті өткізуге дайындық және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстардың орындалу барысы.
🔹️Аталған мәселе бойынша Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалелов Айбек Байболатұлы баяндама жасап, аудан көлемінде тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, қоқыс шығару және көгалдандыру бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
🔸️Қосымша хабарлама жасаған Сағынғалиев Рүстем Темірұлы, Ойыл ауылдық округі бойынша сенбілікке дайындық барысын, тұрғындарды тазалық жұмыстарына жұмылдыру және ауыл аумағын көркейту жөніндегі жоспарланған іс-шараларды баяндады.
🔹 Жиын қорытындысында аудан әкімі тазалық айлығын жоғары деңгейде ұйымдастыру, барлық мекемелер мен ауылдық округтерде сенбілік жұмыстарын жүйелі жүргізу, аудан аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
https://www.instagram.com/reel/DWg2uZxCLNT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1190489?lang=kk

Жауап қалдыру