
Облыс прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларға құқықтық көмек көрсету, олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды қайта жасаудың алдын алу мақсатында «Құқықтық аптека» профилактикалық акциясын ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – осы санаттағы азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын түсіндіру, сондай-ақ жұмысқа орналасу, әлеуметтік төлемдерді алу, құжаттарды қалпына келтіру және өзге де заңды құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету болды.
Акцияға пробациялық бақылауда тұрған 100-ден астам адам қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған құқықтық сұрақтар бойынша жеке кеңес алып, өмірлік жағдайларды шешуде практикалық көмек алу мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай іс-шараларды өткізу заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға, мемлекеттік органдарға сенімді арттыруға және пробациялық бақылаудағы тұлғалардың табысты қайта әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1191004?lang=kk

Жауап қалдыру