Ақтөбеде мүгедектігі бар адамдарға арналған заманауи «Қуат» спорт кешені жұмыс жасайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласының Алтын Орда мөлтек ауданында мүгедектігі бар адамдарға арналған заманауи «Қуат» спорт кешені жұмыс жасайды. Бұл нысан ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортпен шұғылдануына және белсенді өмір салтын ұстануына арналған бірегей орталық болып табылады.

Спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті бұзылған, сондай-ақ ақыл-ой дамуында тежеуі бар және аутизмі бар адамдарға толық жағдай жасалған. Мұнда паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және бейімделген спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар.

Кешен құрамына 25 метрлік бассейн, әмбебап спорт залы, күрес залы, жаттығу залы, үстел теннисі залы және ашық спорт алаңдары кіреді. Бұл нысандарда жүзу, бочча, футзал, волейбол, голбол, күрес түрлері, таеквондо, пара пауэрлифтинг және басқа да спорт түрлері дамытылуда.

Ғимарат толықтай қолжетімді орта талаптарына сай жабдықталған: пандустар, лифттер, арнайы санитарлық бөлмелер мен қауіпсіз қозғалысқа арналған инфрақұрылым қарастырылған. Сонымен қатар, әлеуметтендіру бағдарламалары да іске асырылады.

Қазіргі таңда мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубында спорттың 20 түрі дамытылуда. Аталған спорт түрлерімен облыс бойынша 1800-астам адам тұрақты түрде айналысады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1190873?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді