Балпық ауылдық округінде көктемгі дала жұмыстары басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды кезең – көктемгі дала науқаны өз бастауын алды. Бүгінде округ диқандары жер жырту, тырмалау, тұқым себу секілді жұмыстарға белсене кірісуде. Қажетті техникалар дайындалып, жанар-жағармай және тұқым қоры жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген.
Көктемгі науқанның уақытылы әрі сапалы жүргізілуі – мол өнім алудың басты кепілі. Осы мақсатта ауыл еңбеккерлері бар күш-жігерін салып, егіс алқаптарында тынымсыз еңбек етуде.
Табиғаттың қолайлы жағдайын тиімді пайдаланып, шаруалар биыл да жоғары өнім алуға ниетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1190733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді