
Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – бұл организмдегі белгілі бір микроэлементтердің жетіспеушілігін толтыруға арналған заттар. Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – бұл тамақпен бір мезгілде тұтынуға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған табиғи және (немесе) табиғи биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер.
ББҚ мен дәрі-дәрмектердің айырмашылығы неде?
Негізгі айырмашылық – дәрі-дәрмектер аурудың белгілерін жою үшін қажет. Биологиялық белсенді қоспалар ферменттердің түзілуі үшін қажет. Олар ауруды жоймайды, өйткені олардың жұмыс істеу механизмі мен принципі басқаша. Олар ішкі ағзалардың негізгі жүйелерінің жұмысын қалпына келтіреді. ББҚ тағам ретінде тамақ өнімдері қауіпсіздігінің гигиеналық талаптарына Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауыпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Биологиялық белсенді қоспаларды өмір бойы қабылдауға болады, ал дәрі-дәрмектер тек белгілі бір емдеу курсына арналған. ББҚ табиғи ингредиенттерден жасалған. Бұл сіздің денеңіз әртүрлі ауруларға төтеп бере алатындай сау кезіңізде қабылдауға ұсынылатын табиғи емдік қоспа. ББҚ пайдалы болуы үшін өнімді сертификатталған өндірушілерден алған жөн. Мамандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінің мәліметтері жалпыға қолжетімді болып табылады және күн сайын жаңартылған интернет желісіндегі арнайы іздеу серверінде орналастырады.
Биологиялық белсенді қоспаларды дәрігердің кеңесінен кейін ғана қабылдаған жөн, өйткені мамандар олардың құрамдарын және қалай дұрыс қабылдау керектігін біледі.
Биологиялық белсенді қоспалардың бірнеше түрі бар. Олар келесі топтарға бөлінеді:
• шөптерден жасалған (ең танымалы);
• жануарлардан шыққан;
• витаминдер;
• минералды заттар;
• физиологиялық белсенді заттар – адам ағзасының метаболикалық процестеріне қатысатын молекулаларына негізделген.
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен қабылданған 021/2011 КО ТР «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес ББҚ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
2026 жылдың 3 айында Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары мемлекеттік тіркеуден өтпеген биологиялық белсенді қоспаларға жарнамалау бойынша 76 әлеуметтік желі парақшаларына мониторинг жүргізілді. Е-өтініш арқылы келіп түскен өтінішке сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген 8 ББҚ анықталды, жарнамалауға қатысты 2 ұсыныс хаттар жолданды.
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыға диеталық қоспаларды сатып алу кезінде сақтық туралы ескертеді (осы өнімге мемлекеттік тіркеу туралы куәлік сұрату). Мемлекеттік тіркеуден өтпеген ББҚ-ларды іске асыруға жол берілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1190336?lang=kk

Жауап қалдыру