
Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша бастапқы құжаттарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айының 19 жұлдызында «Батысқазжерқойнауы» ӨД комиссиясы «Акпан» ЖШС-нің 1 тоқсанда келесі объекті бойынша «М-40-XVI парағының 1:200 000 масштабтағы инженерлік-геологиялық зерттеулермен бірлескен гидрогеологиялық қосымша зерттеу (Ақтөбе облысы, 5280 шаршы км» орындалған жұмыстардың далалық құжаттарын қабылдады.
Есепті кезеңде келесі жұмыстар орындалды: дайындық кезеңдері, далалық жұмыстар, маршруттық тексеру, бұрғылау жұмыстары (соқпалы-арқанды бұрғылау, аралас бұрғылау) және тәжірибелік-фильтрациялық жұмыстар, геофизикалық зерттеулер, гидрогеологиялық сынама алу, инженерлік-геологиялық сынама алу және зертханалық жұмыстар жүргізілген.
Атқарылған жұмыстар далалық құжаттармен расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1190804?lang=kk

Жауап қалдыру