ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДЕ: 270 ЖЕКЕ ЕМШАРА КАБИНЕТІ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТОҚТАТТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін және медициналық көмек көрсету кезіндегі стандарттардың бұзылуын анықтау мақсатында республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

📌 Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген мониторингтің барысында 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды.

✋ Уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты; бірқатар субъектілер қызметін заңдастыруға дайын екенін білдіріп, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кірісті; 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды.

👇 Аяқталған тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша мынадай жүйелі бұзушылықтар анықталды:

• медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
• санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
• дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы;
• білікті медициналық персоналдың болмауы;
• шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша:
• 147 әкімшілік хаттама толтырылды;
• жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

✅ Денсаулық сақтау министрлігі қабылданып жатқан шаралар ең алдымен пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және заңнама талаптарын сақтауға бағытталғанын атап өтеді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/1190613?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді