
Қорғалжын ауданында ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан азаматтарға құрмет көрсетілді.
Аудан әкімі Алин Алмас Аянұлы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарын марапаттады.
«Агро-Көбетей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Токанов Шамшиден Отызбайұлына ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ ауыл тұрғындарына көрсетіп жүрген демеушілік қолдауы үшін марапат табысталды. Ол 1997 жылы «Агро-Көбетей» ауыл шаруашылығы серіктестігін құрып, бүгінгі күнге дейін шаруашылықтың тұрақты дамуына еңбек етіп келеді.
Бүгінде 29 жылға жуық тарихы бар «Агро-Көбетей» серіктестігі Қорғалжын ауданы Қызылсай ауылдық округіне қарасты Үшсарт ауылында табысты жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта шаруашылықта 25 адам еңбек етеді.
Сонымен қатар серіктестікте ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан Конкаков Мұрат Диханбайұлы да құрметке ие болды. Ол 1980 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, «Агро-Көбетей» серіктестігінің дамуына өз үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда шаруашылық басшысының орынбасары қызметін атқарады.
Ұзақ жылғы табанды еңбегі мен ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесі үшін аудан әкімі Алин Алмас Аянұлы Мұрат Диханбайұлына автокөліктің кілтін табыстады.
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген осындай азаматтардың табанды еңбегі ауданның дамуына серпін беріп, ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1190293?lang=kk

Жауап қалдыру